
«Қазавиақұтқару» АҚ ТЖМ авиациялық құтқару бөлімшесі төтенше жағдайларда халыққа көмек көрсету жөніндегі операцияларды табысты жүзеге асыруды жалғастыруда.
Бүгін авиаторлар Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қарақой ауылына сәтті ұшып, жергілікті тұрғындар үшін бір тонна азық-түлік жеткізілді.
Сонымен қатар, құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында Қарақой ауылынан Ақтоғай ауылына 12 бала, 3 әйел, оның 2-еуі жүкті әйел эвакуацияланды.
Экипаждардың үйлесімді жұмысы мен авиациялық құтқару қызметі қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға және жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.
«Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі