
2024 жылғы 1 сәуірде Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округі Алтыбас жер учаскесіндегі «Мирас» және «Нар тәуекел» шаруа қожалығына азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізілді. «Бекболат» шаруа қожалығынан 2 адам эвакуацияланды. «Уаз» автокөлігін және қайықты пайдалана отырып құтқарушылар эвакуациялау, көмек көрсету жұмысын жасады.
Сонымен бірге, 1 сәуірде Амангелді ауданының Айтбай ауылы Талқанбай учаскесінде қызылордалық құтқарушылар сонымен бірге 2 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Талқанбай учаскесінде қалған 1 адамға гуманитарлық көмек көрсетті, азық-түлікті, дәрі-дәрмекті жеткізді.
Сол күні «Сәт-2» ауылынан «Бес тарау» шаруа қожалығына азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізу жұқмысын жасады.
Шаруа қожалығының өкілдері мен тұрғындар тарапынан құтқарушыларға алғыс айтылды.
Қызылорда облысы ТЖД