Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Қазіргі уақытта облыс бойынша 700-ге жуық адам, 210 техника және 130 мотопомпалар жұмылдырылған.

Атбасар ауданында су тасқынына белсенді дайындық жалғасуда. Инертті материалмен қаптарды дайындау және төсеу жалғасуда. Тәулігіне шамамен 1 мың м3 қар шығарылды. Тәулігіне 20 мың м3 астам еріген су сорылды.

Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында қорғаныш үйіндісін нығайту үшін Астана қаласынан қосымша күштер мен құралдар келді. Сондай-ақ, Аршалы ауданында су тасқынымен күресу үшін М.Ғабдуллин атындағы АҚА курсанттары жөнелтілді.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі