Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы туралы

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы туралы

Бүгінгі күні су тасқыны құбылыстарын жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жұмыстары жалғасуда. 4525 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1771 бала. Қауіпсіз орындарға 1425-тен астам ірі қара мал,    2004 бас ұсақ мал және 33 бас жылқы айдалды.

Барлығы 764 мың м3 астам еріген су сорылды, 161 мыңнан астам қап төселді.

Қазір облыс бойынша 1 мыңнан астам адам, 300-ден аса техника және 100-ден аса мотопомпа жұмылдырылды, олар күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде.

Шыңғырлау, Жақсыбай, Өленті, Бұлдырты өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде 4 ауданның 9 ауылындағы тұрғын үйлерді су басты. Барлығы 515 тұрғын үй су астында қалды. Бұл көрсеткіштер нақтыланып, тексеруден кейін жергілікті атқарушы органдар комиссиясы залалды бағалайды, оның нәтижелері бойынша су басқан үйлердің нақты саны айқындалады.

Бөрлі ауданында 2 сәуірде бөгеттің кенептері арқылы 2 жерде судың толуы анықталды (тереңдігі - 10-15 см, ұзындығы – 50 м, ені – 6 м). Сондай-ақ, судың төгілуі шлюз және табиғи айналма жол арқылы жүруде.Облыстың автожолдарында 25 су өту және 32 шаю бар.

БҚО ТЖД жедел штабына 2 мыңнан аса, «қауырт желі» телефонына 296 қоңырау түсті.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты күрделі, бақылауда.

«Қазгидромет» филиалының мәліметінше, бүгіннен ауа температурасы көтеріледі, осыған байланысты, су тасқыны қаупі сақталады, жағдайға мониторинг жүргізіледі, су басу қаупі болған жағдайда эвакуациялық шаралар жүргізіледі.

 

БҚО ТЖД баспасөз қызметі