Жамбыл құтқарушылары Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде

Жамбыл құтқарушылары Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде

Жамбыл облысынан жеке құрамның 57 адамы және 7 бірлік техника, 13 бірлік мотопомпаның, 3 үрлемелі қайық көмегімен Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы көппәтерлі үйлердің аулалары мен жертөлелерінде тәулік бойы су сору жұмыстары жүргізілді.  29-31 наурыз аралығында 7 көпқабатты тұрғын үй жертөлелерден, 1 дәріхана, 2 мектеп және 3 аула, 1 мектепке дейінгі балалар мекемесінің ауласы су сорылды. Барлығы 36 932 м3 су сорылды.

Жамбыл облысының берілген күштерімен Атбасар қаласында 570 қап толтырылды, Жамбыл облысы ТЖД АМО бригадасымен Жамбыл облысы күштерінің жеке құрамы мен Щучинск қаласының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық профилактикалық тексеру жүргізілді.

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі