Ұлытау облысында авариялық-құтқару жұмыстар

Ұлытау облысында авариялық-құтқару жұмыстар

31 наурыз 2024 жылы  21:30 сағ Талап ауылынан 10-12 шақырым жерде Кеңгір өзенінің бойында жылқы табыны Судан шығарыла алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті. 1 сәуір 2024 жылы 08:46 сағ ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 4 адам мен 1 техника және өздерімен бірге үрлемелі қайықты алып шықты. Сағат 15:10-да Талап ауылы бағытына қарай 25 бас жылқы табыны қауіпсіз жерге айдалды.

Еріген су салдарынан жолда көлік қозғалысының қиындауына байланысты, Мибұлақ ауылының тұрғыны медициналық көмекке жүгінді. Оқиға орнына ТЖД және ПД күштері мен құралдары, сондай-ақ дәрігерлер жіберілді. 2 сәуір сағат 01:35-де науқас және фельдшер Жезқазған қаласына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі