Кеше Аягөз қаласының өртке қарсы қызметіне Аягөз ауданы Өркен ауылдық округінің «Әлімжан» шаруа қожалығының аумағынан, осы аймақты су басу қаупіне байланысты, 4 адамды эвакуациялау талап етілетіні туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу құтқарушылар жіберілді.
Абай облысы және Жетісу облысы ТЖД жедел құтқару тобының күшімен 4 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады. Қазіргі уақытта эвакуацияланғандар жақын маңдағы «Алтын Зан» қыстағында туыстарында орналасты.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі