
Жамбыл облысының Талас Алатауы, Қырғыз жоталарының солтүстік беткейіндегі мореналық көлдердің жағдайын және биік таулы, орта таулы аумақтардағы қар қорын бағалау мақсатында Жуалы, Меркі және Т.Рысқұлов атындағы ауданның таулы аудандарына аэровизуалды зерттеу жүргізілді.
Жұмыс тобының құрамында ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов, «Қазселденқорғау» ММ «Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы» филиалының басшысы Сұлтан Ақбердиев және басқа да мүдделі органдардың басшылары болды. Зерттеулер 600-ден 4000 м биіктікте жүргізілді.
Таулы аймақтың тік беткейлерінде қар көшкіні, қар жамылғысының қарқынды еруі және көлбеу ағын белгілері байқалмайды, көшкіндер жоқ. Өзен арналары мұзсыз, өзен бассейндерінің ортаңғы және төменгі бөліктері мұз кептелісі, қапсырмалар байқалмайды
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі