
Ағымдағы жылдың 1 сәуір күні кешке қарай Қосшы қаласының Тайтөбе ауылында Ақмолалық құтқарушылар 6 түйені құтқарды.
Еріген су келген кезде түйелер далада жайылып жүрген. Жануарлар судан қорқып, орындарынан қозғалудан бас тартқан болатын. Түйелерді құтқаруға ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов бастаған құтқарушылар тобы келген.
«30 жылдық тәжірибеде бұл менің түйелерді алғашқы құтқаруым. Жануарлар жүзе алмайды, судың тереңдігі шамамен бір метр. Біз оларды бірден құрлыққа шығардық. Бірде-бір түйе зардап шеккен жоқ», – деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі