Солтүстік Қазақстан облысының тасқын қаупі бар учаскелеріне әуеден барлау жүргізілді

Солтүстік Қазақстан облысының тасқын қаупі бар учаскелеріне әуеден барлау жүргізілді

Кеше  СҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник Ерік Сарыбаев пен облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен облыстың тасқын қаупі бар учаскелерін әуеден барлады.

Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Айыртау және Тимирязев аудандарында қардың көптігі салдарынан су басу қаупі сақталуда. Сонымен қатар Ақжар, Тайынша және Уәлиханов аудандарында жағдай күрделі. Ақмола облысының су қоймаларынан көп мөлшерде су келуі ықтимал.

Қазір өңірде барлық ресурстар жұмылдырылды, күштер мен құралдар топтастырылды, техника дайындалды. Өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп, облыс бойынша эвакуациялық пункттер құрылды. Инертті материалдар, қапшықтар, ЖЖМ және жүзу құралдары дайындалды.

         

 

СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы