
Мұз кептелісін болдырмау мақсатында Қарағанды облысында жарылыс жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірде Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы, Сабырқожа өзенінің учаскесінде мұзды ұсақтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Мұзды ұсақтаудың жоспарланған ауданы 7000 шаршы метрді құрайды.
ТЖД, ПД, ЖАО және «Қазтехинженеринг» ЖШС күштері мен құралдары қатысты.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі