Шығыс Қазақстан тауларында көшкін қауіпті

Шығыс Қазақстан тауларында көшкін қауіпті

«Алтай-Путинцево», «Малеевск-Богатырево» автожолдарында көшкіннің өздігінен түсуін болдырмау үшін «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары ШҚО ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен қарды түсіру бойынша жарылыс жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесінде 10 050 куб.м. қар түсірілді. Бүгінгі таңда көшкін қаупі бар кезеңнің басынан бастап Шығыс Қазақстанда 86 профилактикалық қар түсірілді,  212 120 м.куб. қар құлатылды.

«Біздің мамандардың бақылаулары негізінде қар көшкінінің түсу метеорологиялық факторларының сандық көрсеткіштері - жауын-шашынның қарқындылығы, қар жамылғысының өсуі, желдің жылдамдығы және т.б., сондай-ақ қар көшкінінің түсу ықтималдығын анықтауға мүмкіндік беретін жекелеген таулы аймақтар үшін қар көшкіні режимінің сипаттамалары анықталады», - деп атап өтті «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.

ТЖ департаменті және «Қазселденқорғау» филиалы қар көшкіні қаупі бар кезеңде: қауіпті аймақтарды айналып өтуді, таулы жерлерге бармауды еске салады. Төтенше жағдай кезінде «112» нөмірі бойынша хабарлау қажет.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі