
Ағымдағы жылдың 31 наурызында Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеевка ауылындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға Азаматтық қорғау академиясының 25 курсанты тартылды. Ауылда 1050 адам тұрады. 3 үйді су басу қаупі бар, оларға іргелес аумақта қаптарды толтыру және төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 1000-ға жуық қап инертті материал төселіп, жиналды.
Айта кетейік, Академияның құрама отряды 28 наурыздан бастап су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі