Ұлытау облысының құтқарушылары 5 бала мен науқасты адамды эвакуациялады

Ұлытау облысының құтқарушылары 5 бала мен науқасты адамды эвакуациялады

31 наурызда сағат 11:28-де Жаңаарқа ауданының Алғабас ауылындағы науқас адамға және 5 балаға көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Жолды су басуына байланысты ауылдан шыға алмаған.

ТЖД күшімен науқас адамды ауруханаға одан әрі тасымалдау үшін «Қарағанды-Павлодар» тас жолына дейін эвакуациялады, балаларды Жаңаарқа кентіне дейін эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі