
2024 жылғы 27-31 наурызда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аманкелді ауылы Абай, Таңатхан палуан, Боданов көшелерінен және Дүйсенбин көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің ауласынан барлығы 49 764 м3 су тартып, су деңгейі 25-30 см-ге төмен түсті.
Аманкелді ауылының маңында орналасқан фазендалардан Жедел құтқару жасағының құтқарушыларының күшімен моторлы қайықпен 26 адам, оның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге шығарылды .
Шаруа қожалығынан 110 бас асыл бұзау қауіпсіз жерге көшірілді.
Аманкелді ауданы «Жалдама» өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Кемер-2 ауылын су басу қауіпі төнгендіктен өзеннің жиегін нығайтуға 500 қап инертті материалдар (топырақ) қапталып, тасымалданды.
Сонымен қатар, электр жүйесінің қызметкерлерімен бірге су тасқынынан зақымдалған және құлаған электр бағаналарын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді.
Күштер мен құралдар су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда.
Қызылорда облысы ТЖД