Жаңаарқа ауданында 3 адам эвакуацияланды

Жаңаарқа ауданында 3 адам эвакуацияланды

31 наурыз күні түнде сағат 03:37-де Жаңаарқа ауданында ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштерімен 3 адам эвакуацияланды. Олар 30 наурыз күні түстен кейін Ералиев кентінен 49 шақырым жерде тракторда балшық массасында қалып қойған. 

Эвакуацияланған 3 адамды Жаңаарқа ауданы Ералиев кентіне жеткізілді. Ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет емес.


Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі