
31 наурызда тұрғын үйлерді су басу қаупін азайту және жою бойынша көмек көрсету үшін Іле ауданының Байкент ауылына Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Камаз базасындағы екі өрт-сорғы станциялары, сондай-ақ 11 жеке құрамның адамы жіберілді.
«31 наурыз күні таңғы сағат 8-де Іле ауданының Қараой ауылына көмекке кету міндеті қойылды. Содан кейін жарты сағаттық алым және бір сағат ішінде біз орнында болдық. Біздің әріптестеріміз Қараой көлінен суды сорып алуға және аумақтарды толтыруға көмектеседі, қазірдің өзінде миллионнан астам текше метрден астам су сорылды», – топтың аға маманы Алмаз Торбаев хабарлады.
Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары халыққа тәулік бойы көмек көрсету үшін ден қоюға дайын болады.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі