Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақтөбе облысында авариялық-құтқару жұыстарын жүргізуде

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақтөбе облысында авариялық-құтқару жұыстарын жүргізуде

30 наурыз ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары су тасқыны салдарын жою үшін, Алматы қаласынан Ақтөбе қаласына 20 құтқарушы ұшып кетті.

Құтқару міндеттерін орындау үшін өздерімен бірге резеңке қайықтар, моторлы қайықтар, халықты эвакуациялауға арналған альпинистік жабдықтар, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету құралдары алынды.

Жұмыстың алғашқы тәулігінде құтқарушылар үрлемелі қайықтармен қауіпсіз жерге 111 адамды эвакуациялады, оның ішінде 36 бала. МИ-8 борты зардап шеккендерді алып, Ақтөбе қаласына жеткізді.

ТЖМ

Республикалық жедел-құтқару жасағының

баспасөз қызметі