Шығыс Қазақстан облысы жағдай бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысы жағдай бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы ақпарат

Шығыс Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша жұмысты күшейтті. 447 арық, 72 арна мен 447 көпір қар мен қоқыстан тазартылды. 368 мыңнан астам текше метр қар шығарылды.

ШҚО ТЖД қызметкерлері халықты су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында 158 елді мекенде 290-тен астам рейд жүргізді. Тұрғындарға үйлерге іргелес аумақты су тасқыны маусымына дайындау бойынша ұсыныстар берілді.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға № 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмылдырылды. Олар Алтай ауданында алдын алу шараларын жүргізуде.

Жалпы өңірде ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен аула аралау, суды бұру, топырақ төгу және қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Құтқарушылар, 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар Үлкен Нарын ауданында, Үлкен Нарын ауылында су сору, қапшықтар төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жеке тұрғын үйлердің 11 аула аумағынан 2500 текше метр су сорылды, инертті материал салынған 200 бірлік қапшық төселді.

2024 жылғы 30 наурыз және 2 сәуір аралығында облыс аумағында жауын-шашынның түсуіне және ауа температурасының жоғарылауына байланысты дауылды ескерту қолданылады, осыған байланысты су деңгейінің көтерілуі және  ағындардың қалыптасуы мүмкін.

 

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі