
29 наурыз күні кешке Солтүстік Қазахстан облысы Ақжар ауданының Шат өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан Талшық ауылының шетіндегі тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады.
ТЖД, полиция бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 6 үйден 22 тұрғын, оның ішінде 5 бала ауылдық мектеп-интернат базасындағы эвакуациялау пунктіне және туыстарына жедел эвакуацияланды. 21 бас мал қауіпсіз жерге айдалды.
Түні бойы жүргізілген инженерлік жұмыстардың нәтижесінде елді мекенде мұз кептелісі мен төнген қауіп жойылды. Эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды. Медициналық көмек ешкімге қажет емес еді.
Кауіпті жоюға 20 адам және 10 техника жұмылдырылды.
Өзен арнасы бойынша судың өтуін тәулік бойы бақылауға алынды.
СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы