
Өткен тәулікте өңір бойынша 11682 текше метр еріген қар суы сорылып, 2164 дана инертті материалдар салынған қап төселді.
Көмекке келген Маңғыстау облысы ТЖД өрт күштері мен құралдары Бөрлі ауданындағы су тасқыны шараларына жұмылдырылды.
ТЖМ № 28327 әскери бөлімінің 50 әскери қызметшісі Орал қаласында қаптарды инертті материалмен толтырып, төсеуге тартылды.
Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы жұмыстарға ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ № 28327 әскери бөлімі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және Ішкі істер министрлігінен 931 адам, 297 бірлік техника, сондай-ақ, ТЖД және ЖАО-дан 96 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.
Шыңғырлау өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты елді мекендерді су басу қаупі туындады. Бөрлі ауданының Ақсу және Кеңтүбек ауылдарында 251 адам эвакуацияланды.
Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі