Құтқарушылар мен полицейлер көктемгі мұздың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті

Құтқарушылар мен полицейлер көктемгі мұздың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті

Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан жыл сайын азаматтар зардап шегеді. Зардап шеккендердің арасында: мұзда балық аулауды ұнататын балықшылар, еріген көктемгі мұзға шығатын көлік иелері бар.

«Мұздың беріктігі қалыңдығына, ауа температурасына, су айдынының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Жұқа көктемгі мұз ерекше қауіпті. Барлық балықшылар алғашқы және көктемгі мұзға шығу өте қауіпті екенін білуі тиіс. Қазіргі уақытта өңірде құтқарушылар мен полицейлердің кәсіби рейдтері күшейтілді. Ең бастысы - азаматтарға өз өміріне қауіп төндірмеу керек екенін жеткізу болып табылады. Бүгінгі таңда жалпы 700-ден астам рейд ұйымдастырылды, ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабын бұзған екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы атап өтті.

Кезекті рейд барысында құтқарушылар мұздың беріктігін көзбен қалай анықтау керектігін: көк түсті мұз — берік, ақ түсті мұздың беріктігі 2 есе аз, сұр немесе сарғыш реңкті мұз - сенімсіз екенін айтты. Балықшылар мен автокөлік иелерімен қауіпсіздікке қатысты нұсқамалар өткізілді, қауіпсіздік мақсатында жабық мұз өткелдеріне барудың қажеті жоқ екендігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, ШҚО ТЖД қызметкерлері мұз өткелінен көлікпен шыққанда қандай ережелерді сақтау керектігін атап өтіп, оларды іс жүзінде көрсетіп, мастер-класс ұйымдастырды.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі