
Атырау облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Қызылқоға аудандарындағы қауіпті учаскелерге ҚР ТЖМ МИ-8 тікұшағымен әуеден аэровизуалды шолу жүргізілді.
ҚР ТЖМ МИ-8 тікұшағы алдымен Қызылқоға ауданы Миялы ауылына қонды. Облыс әкімі С. Шапкенов, ТЖД бастығы Н. Жанабаев, ТЖД бастығының орынбасары Р. Шариев және жергілікті атқарушы органнан жауапты өкілдер, депутаттар Миялы ауылы Ойыл өзенінің су деңгейін қарап, су тасқыны жағдайын бақылау үшін, өзен бойында жасалған бөгеттерді, нығайту жұмыстарын қарап шықты.
Сонымен қатар, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы Сағыз және Ноғайты өзендерінің су басу аймақтарын анықтау үшін әуеден барлау жүргізді.
Көру-шолу жұмыстары барысында проблемалық мәселелер талқыланып, су басу қаупінің алдын алу бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы