Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы

Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы

Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы өңірде су айдау, инертті материалдар мен қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

21-28 наурыз аралығында облыс бойынша барлығы 729 996м3 су сорылды, 88 535  дана қапшықтар және 10 039 тонна инертті материалдар төселді.

Облыс бойынша 244 үй су астында қалды. 2987  адам эвакуацияланды, оның 1351-і бала. Эвакуацияланғандар уақытша пункттер және туыстарының үйінде жіберілді. Сондай-ақ 129 бас ірі қара мал қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды.  

1735 адам, 343 бірлік техника, 62 мотопомпа, 8 жүзу құралы жұмылдырылды.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы