Абай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар

Абай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар

Қардың қарқынды еруі салдарынан Бородулиха ауданындағы егістіктерден еріген су келген. Осыған байланысты, Мир көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің 2 аула учаскесі су астында қалды. ЖАО күштері мен құралдарынан және «Гордорстрой» ЖШС еріген суды бұру бойынша инженерлік жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, аула учаскелері мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Аягөз ауданы Баршатас ауылындағы  Балға өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты еріген су жол төсемі арқылы жүрді. ЖАО күштерімен жол төсемін нығайту бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілді. Еріген су өтетін құрылғылар арқылы штаттық режимде өтуде. Қазіргі сәтте жүргізілген жұмыстардың арқасында өзендегі су деңгейі төмендеді. Аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Ақсуат ауданы Уаң ауылының бойында 500 дана қапшықты бөгеттің нығайту жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында Абай облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті тұрғындардың күштері мен құралдары жұмыс атқаруда, барлығы 33 адам және 3 бірлік техника. Қазіргі уақытта бұл аймақтағы жағдай тұрақты. Су басқан аула аумақтары мен тұрғын үйлер жоқ.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі