Павлодар облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

Павлодар облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

Өткен тәулікте жұмылдырылған күштер және құралдармен облыс бойынша 25 мың м3 астам еріген су сорылды, 1 800 м3 қар шығарылды, инертті материал салынған 1413 қап және 828 тонна инертті материал төселді.

Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 48 адам, 52 бірлік техника, 12 мотопомпалар, 2 жүзу құралдары жұмылдырылды. Бұл ТЖД, ЖАО, жол қызметі және полиция департаментінің күштері мен құралдары.

Облыс бойынша автокөлік жолдарының 14 учаскесі: 5 республикалық, 1 облыстық және 8 аудандық маңызы бар учаске бақылауда. Ақсу қ., Павлодар қ., Ақтоғай, Май, Аққулы елді мекендердегі су тасқынына қарсы 6 учаске бақылауда.

Әкімдіктер мен ТЖД аула аумақтарын, тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлердің жертөлелерін су басу фактілерін анықтау үшін аулаларды аралау жұмыстары жүргізілуде. Мониторинг тәулік бойы, оның ішінде дрондардың көмегімен де жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, облыстың су тасқынына қарсы жағдайы бойынша бірыңғай шешім қабылдау және үйлестіру мақсатында ТЖ департаментінің дағдарыс залында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды, аталмыш штабтар облыстың барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылды. Жедел штабтың құрамына азаматтық қорғау қызметтері: жолдар мен көпірлер қызметінің, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің, өртке қарсы қызметтің, ақпарат қызметінің, инженерлік қызметтің өкілдері енді.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі