
2024 жылғы 29 наурызда сағат 05.25-те Көкшетау қаласында Қылшақты өзенінің жағасынан судың шығуына байланысты 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы сондай-ақ «Ертөстік» балабақшасының 1-қабатын су басты.
Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде, 150 м. нығайтылды, 280 тонна инертті материал төселді, 113 адам, оның ішінде 30 бала эвакуациаланды. Көкшетау қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бейімдеу орталығына 50-ден астам адам орналастырылды. Қалғаны туыстарының үйіне орналасты.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар ауысым бойынша үзіліссіз жүргізілуде.
Барлығы: ТЖД - жеке құрамның 104 адамы, 14 бірлік техника, 9 мотопомпалар, ПД - 7 адам және 7 бірлік техника, ЖАО – 126 адам, 64 бірлік техника, 10 бірлік мотопомпалар жұмылдырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі