Алтай ауданының аумағында тасқын және еріген қар суының басуы ықтимал 12 су тасқыны қауіпті учаске бар.
Су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өту мақсатында күн сайын гидропосттарда Бұқтырма, Тұрғысын, Березовка, Хамир өзендеріне мониторинг жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдар барлығы 10 арнаны, 70 арықты, 133 су өткізу құрылысын тазартты, 34,5 мың текше метр қар шығарылды.
Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуге жәрдемдесу үшін ауданға Семей қаласының 68303 ә/б 25 әскери қызметшісі келді. Қазіргі уақытта әскери қызметшілер арықтар мен каналдарды тазартуға көмектесуде.
15-19 наурыз аралығында Бұқтырма өзенінде Зубовск кенті, Тұрғысын, Малеевск, Богатырево және Быково ауылдарының 5 ықтимал қауіпті учаскесінде мұзды қопсыту және ұсақтау бойынша профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді, мұзды ұсақтаудың жалпы ауданы - 113,5 мың шаршы метрді құрады.
Су тасқыны жағдайының асқынуы жағдайында жалпы сыйымдылығы 1000 адам болатын 9 елді мекенде 19 эвакуациялық пункт дайындалды.