Әйел адам құтқарылды

Әйел адам құтқарылды

Бүгін таңертең Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесіндегі тұрғын үйдің пәтерінің сыртқы есігін бірнеше сағаттан бері ашпай жатқаны жөнінде шақырту түсті.

Оқиға орнына Жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы барды. Туыстарының қатысуымен, слесарлық құралдарды пайдаланып, осы пәтердің сыртқы есігін ашып берді. Пәтер ішіндегі жуынатын бөлмеде 1958 жылы туған егде әйел адам құлап жатқаны анықталды.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлерін шақырып, оларға көмектесіп, әйел адамды жедел жәрдем мамандарына тапсырды.

 

 

Қызылорда облысы ТЖД

Жедел құтқару жасағы