
2024 жылғы 26 наурызда сағат 22:40-та Исатай ауданының Аққыстау ауылынан шамамен 16 шақырым жерде жедел жәрдем қызметінің автокөлігі батпақты жерге батып қалғаны туралы хабарлама түсті.
Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде «Қызыл үй» елді мекенінен шыққан аудандық емхананың УАЗ автокөлігімен жүкті әйелді тасымалдау барысында батпақты жерге батып қалғандығын анықтады.
Құтқарушылар автокөлікті күре жолға сүйреп шығару жұмыстарын жүргізді.
Авариялық-құтқару жұмыстарын Атырау облысы ТЖД мен «Болат – Д» ЖШС күштері мен құралдары жүргізді.
Осындай жағдай Тұщықұдық ауылдық округінен шамамен 35 км қашықтықта орын алды. 27 наурызда сағат 01:10-да Уаз автокөлігі батпақты жерге батып, шыға алмай қалғаны туралы, автокөлікте жүргізуші мен жүкті әйел және 3 бала бар екендігі туралы хабарлама түсті.
Құтқарушылар шақырту орнына жетіп, «Дутбаев» қыстағының маңында батпақты жерге батып қалған Уаз автокөлігін күре жолға сүйреп, шығару жұмыстарын жүргізді. Автокөліктегі ер адам, жүкті әйел және 3 бала құтқарылды.
Авариялық – құқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы