Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар

Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар

Бүгін түнде Қостанай облысының құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдары еріген қар суын толығымен сору жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Арқалық қаласындағы Новый, Родина, Северный, Дачный деген төрт елді мекенде 12 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумақтарынан су шығарылды, жағдай тұрақты. 14 мың текше метрден астам еріген қар суы сорылды.

2024 жылғы 25 наурыздан 26 наурызға қараған түні Қостанай облысында метеорологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты төтенше жағдайларды жою жұмыстарына көмек көрсету үшін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Қостанай облысына жіберілді.

Қостанай облысындағы еріген қар суын айдау үшін Қызылорда облысынан жедел-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жеке құрамның 31 адамы, 6 бірлік техникасы, 10 мотопомпа және 2 қайық қосымша күштер мен құралдар сұратылды.

Сондай-ақ, 26 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөліміне 50 әскери қызметкерден (офицерлер – 3 адам, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер – 7 адам, мерзімді әскери қызметшілер – 40 адам) және 3 бірлік техникадан тұратын біріктірілген құтқару тобы бөлінді.

Облыста мониторинг және су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.