
Батыс Қазақстан облысы бойынша тәулік ішінде еріген қар суын сору бойынша 281 өтінім келіп түсті. Оның ішінде, Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдар 209 өтінімді пысықтады, 72 өтінім бақылауда.
Оған 519 адам (ТЖД-66, ЖАО-453), 199 бірлік техника (ТЖД-18, ЖАО-181), 87 бірлік мотопомпа (ТЖД-17, ЖАО-70) жұмылдырылды.
Тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ.
Тәулігіне барлығы 96890 м3 еріген қар суы сорылды, оған 519 адам (ТЖД-66, ЖАО-453), 199 бірлік техника (ТЖД-18, ЖАО-181), 87 бірлік мотопомпа (ТЖД-17, ЖАО-70) тартылды.
Қазіргі уақытта облыс бойынша қардың көп еруі нәтижесінде аудандық маңызы бар автожолдарға су өту 3 жерде байқалды:
1) 25.03. 11.30 Ақжайық ауданы, Құрайлысай а/о, Аттибек қыстағы, аудандық маңызы бар 7 ш. «Жұбан-Сайқұдық» а/ж.
Бұл учаске лента және жол белгілерімен қоршалған. Айналма жол бар.
2) 25.03. 14.05 Жәнібек ауданы, Жақсыбай а/о аудандық маңызы бар «Жәнібек-Таловка-Кіші өзен» автожолының 3 ойпатты учаскесінде судың жолдан өтуі орын алды:
- Борсы ауылы а/ж 1 км кіреберіс;
- «Жәнібек-Талов-Кіші өзен» а/ж 103 км;
- Жақсыбай ауылы а/ж 1 км кіреберіс.
Көлік қозғалысы бұзылған жоқ. Бұл учаске лента және жол белгілерімен қоршалған
3) 25.03. 23.00-де Теректі ауданы, Шалқар а/о, Сарыөмірр ауылынан 9 ш. жерде, қардың көп еруі нәтижесінде аудандық маңызы бар (топырақ) "Сарыөмір-Дуана» автожолының 2 ойпатты учаскесінде судың жолдан өтуі болды:
- а/ж 9 км (ені 2,5 м, ұзындығы 20 м, тереңдігі 15-20 см);
- а/ж 10 км (ені 2,5 м, ұзындығы 10 м, тереңдігі 15-20 см).
Көлік қозғалысы тоқтатылды. Дуана ауылымен көлік байланысы жоқ.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ.
Су өту орындарында кезекшілік ұйымдастырылған.
Облыс бойынша барлығы 2840 дана қап салынған, оның ішінде, Орал қаласы – 2000 дана, Қаратөбе ауданы – 500 д., Сырым ауданы – 300 д., Теректі ауданы – 40 д.