Өткен демалыс күндері еліміздің су айдындарында 7 адам суға кетті, оның ішінде 1 бала болды

Өткен демалыс күндері еліміздің су айдындарында  7 адам суға кетті, оның ішінде 1 бала болды

Ағымдағы жылғы 15 маусымда таңертең Қарағанды облысында 3 адам суда құтқарылды, олар қайықпен балық аулау кезінде жағалаудан алыс жүзіп, өз бетімен қайтып келе алмады. Абай ауданында, Шерубай-Нұра су қоймасында ТЖД құтқарушылары 2 адамды, сондай-ақ Сассыкөл көлінде ТЖД құтқарушылары 1 адамды құтқарды.

Өткен демалыс күндері еліміздің су айдындарында жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде 7 адам суға кетті, оның ішінде 1 бала болды.

14 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новая Шульба ауылынан 1 шақырым жерде 1977 ж. т. ер адам суға батып кетті.

14 маусым күні Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Арай ш.а.Сырдария өзенінің бойында 1975 ж. т. ер адам суға батып кетті.

13 маусымда Ақмола облысы Бурабай ауданы Кенесары ауылының шетінде 1981 ж. т. ер адам суға батып кетті.

13 маусымда Шығыс қазақстан облысы Ұлан ауданы Гагарин ауылынан 8 шақырым жерде, Дубығалы көлінде ересектердің қарауынсыз қалып, 2012 жылы туған қыз абайсызда су айдынына құлап, батып кетті.

13 маусымда Павлодар облысы Павлодар қаласының аумағында Усолка өзенінде 2002 ж. т. жас жігіт суға батып кетті.

13 маусымда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Битлеу ауылынан 2 шақырым жерде құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алып, алып шықты.

13 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Нижний Бурлук ауылынан 3 шақырым жерде жасанды су айдынынан құтқарушылар 1994 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алды, ол 12 маусымда шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кетті.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Демалыс орындарында су айдынында болған кезде жол берілмейді:

- суға алкогольдік және есірткілік мас күйінде кіруге және шомылуға;;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіру;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;

- жүзу шекарасын белгілейтін буйкалардың артынан жүзуге;;

- жүзуге арналмаған заттарда жүзу;

- кемелерге жақындау;

- су қоймаларын ластау;

- жағада және киім шешетін орындарда демалушыларға жарақат келтіруі мүмкін қоқыстарды қалдыруға;

- техникалық және ескерту, қалқы белгілеріне көтерілу;

- ересектердің еріп жүруінсіз балаларға суға кіру;

- суға шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруға;