Төтенше жағдайлар комитеті балалар үлкендердің қарауынсыз қалған балалармен байланысты оқиғаларға алаңдаулы. Балалар үйде болғанда, ең алдымен, олардың ата-аналары қайғылы жағдайлардан аулақ болу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Әрбір ата-ана баланың қауіпті жағдайларға түсу қаупін азайту үшін қауіпсіздік шараларын білуі қажет.
Өткен демалыс күндері балалармен 9 оқиға орын алып, 5 бала қаза тапты, 6 бала ауруханаға жеткізілді.
Ағымдағы жылғы 14 маусымда кешке Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қасқабұлақ ауылынан 8 шақырым жерде жайылымда жылқыға мініп, мал жаю кезінде найзағайдан түсіп, көз жұмған 2004 ж. т. жасөспірім қайтыс болды.
14 маусым күні түнгі уақытта Қызылорда облысы Шиелі ауданы Балаби ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында үлкендердің қарауынсыз қалып, электр ұзартқышымен ойнай отырып, 2017 ж.т. бала тоқпен (220В) жарақаттанды.
14 маусым күні күндіз Павлодар облысы Аққұлы ауылының маңындағы жеке үйдің ауласында үлкендердің қарауынсыз қалып, ашық септикке құлап (тереңдігі 3 м, 1 м, Люк диаметрі 45 см), 2019 ж.т. бала шұғыл қызмет келгенге дейін көршілермен құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.
13 маусым сағат 22: 38-де Ақмола облысы Көкшетау қаласында 5 қабатты үйдің 2 қабатында ауданы 9 ш. м. үй заттары мен жиһаздарының жануы орын алды. Сағат 22: 56-да өрт сөндірілді. Өрт орнынан 2014 ж.т., 2012 ж. т., 2016 ж. т. 3 бала ауруханаға жатқызылды, оның біреуі ауруханада қайтыс болды. Балалар үлкендердің қарауынсыз қалды. Өрт себебі анықталуда. ТЖД, ПБ 32 қызметкер және 6 бірлік техника шықты.
13 маусым күні кешке Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының көп пәтерлі тұрғын үйінде ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала пәтерден баспалдаққа шығып, 8 қабаттан 3 қабаттағы баспалдаққа құлап, ауруханаға жеткізілді.
13 маусым күні күндіз Шымкент қаласы Абай ауданы Самал-3 ш.а.жеке тұрғын үй аумағында үлкендердің қарауынсыз қалып, 2019 ж. т. бала абайсызда су құйылған ыдысқа құлап (25 л), батып кетті.
13 маусым күні кешке Атырау облысы Атырау қаласы Қара Депо ш.а. аулада жеке тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған абайсызда қазылған шұңқырға 2 метр тереңдікте құлап, 2014 жылы туған қыз оқиға орнында көз жұмды.
13 маусым күні кешке Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Октябрь ш.а. 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде үлкендердің қарауынсыз қалып, 2017 жылы туған бала абайсызда 2-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жеткізілді.
13 маусым күні кешке Қызылорда облысы Қызылорда қаласындағы Шұғыла ш.а. 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде үлкендердің қарауынсыз қалып, 2018 жылы туған бала 2-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жеткізілді.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі