
22 наурыз күні төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов жұмыс сапарымен Алматы облысында болды.
Жұмыс сапары барысында Чингис Аринов аумақтық бөлімшенің жұмысымен танысты. Өрт сөндіру бөлімдерінде және жедел-құтқару жасағында болып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті өмірі мен жұмысын көріп, олармен әңгімелесті. Кинологиялық қызметтің жұмысын тексерді.
Сонымен қатар, сапар барысында жұмыс тобы «Қазселденқорғау» ММ-нің Іле-Алатау филиалына барып, сел, көшкін және су тасқыны қаупі бар аймақтармен танысты.
Кездесу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, жаңа өрт сөндіру депосын салу, өрт сөндіру бөлімдерін материалдық-техникалық жарақтандыру және жөндеу мәселелері талқыланды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі