Алматы қаласының Бостандық ауданында тағы бір заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды

Алматы қаласының Бостандық ауданында тағы бір заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды

24 наурызда Бостандық ауданының Нұр-Алатау шағын ауданында Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтің, Бостандық ауданының әкімі Санжар Алинның қатысуымен жаңа өрт сөндіру депосының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Алматы ТЖД гарнизонының жеке құрамы және арнайы шақырылған қонақтар-азаматтық қорғау ардагерлері қатысты. 

Естелік лентаны кесу және өрт сөндіру депосының символдық кілтін тапсыру салтанаты кезінде Ерлан Нұрпейісов, Санжар Алин өрт сөндірушілерді бөлімнің ашылуымен құттықтап, қызметі үшін алғыс білдірді.

«Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелеріне қосқан үлесі үшін жеке алғысымды білдіремін.

Өз кезегінде қызметкерлерден қойылған міндеттерді абыроймен орындауды және сеніп тапсырылған мүлікке ұқыпты қарауды сұраймын», - деп вице-министр атап өтті.

Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынған ауданы 2,5 мыңнан астам шаршы метр 4 шығуға арналған жаңа өрт сөндіру депосы ТЖ-ға ден қою уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл қала халқының қорғалуын арттырады.

Жалпы халық саны 45 мыңнан астам адам және 146 шаруашылық субъектісі бар «Қазақфильм», «Нұр-Алатау», «Нұрлытау», «Бағанашыл», «Ерменсай», «Мирас» және «Аққайың» шағын аудандары тұрғындарының өрттен қорғалуын қамтамасыз ететін болады.

«Штат саны - шамамен 70 адам. Жаңа депода жеке құрамды орналастыруға және күнделікті қызметті қамтамасыз етуге арналған үй-жайлар, сондай-ақ жаттығуға арналған спорт залы қарастырылған. Өрт сөндіру бөлімінде 6 бірлік өрт сөндіру техникасы бар, ол ауданның тау бөктеріндегі жер және тар жолдар сияқты талаптарын ескере отырып таңдалады, бұл 5 тоннадан тұратын төрт өрт сөндіру автоцистернасы және «Тойота Хайлюкс», «Газ Валдай» жедел әрекет ететін екі автомобиль», - деп ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев депоны көрсете отырып ақпаттандырды.

Кәсіби дайындықты ұйымдастыру мақсатында оқу-жаттығу мұнарасы, кедергілері бар 100 метрлік жолақ та бар. Соңғы қабаттарда гарнизон қызметкерлері үшін 3 пәтер көзделген.

Шақырылғандар қызметтік үй-жайлардың функционалдық мақсатымен, жабдықтармен, өрт техникасымен танысты. 

Вице-министр алғашқылардың бірі болып құрметті қонақтарға арналған кітапта естелік жазба қалдырды, құттықтай отырып жаңа өрт сөндіру автомобильдері мен шағын автобустың кілттерін, сондай-ақ пәтердің кілтін № 20 жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Дәурен Түктібаевтың отбасына табыс етті.

Алматы қаласы ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев әкімдіктің қолдауымен Алматы қаласының гарнизоны жыл сайын арнайы және қосалқы мақсаттағы жаңа автомобильдермен толықтырылатынын айтты.

Қазіргі уақытта Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша биылғы жылы мегаполистің Түрксіб (Шығыс қақпасы ш/а), Наурызбай (Шұғыла ш/а.) және Наурызбай аудандарында (Қарағайлы ш/а.) тағы 3 өрт сөндіру депосын салу көзделіп отыр.

Бүгінгі таңда қаланың өрттен қорғалуын 20 өрт сөндіру бөлімшесі қамтамасыз етеді. Өрт қауіпсіздігін нығайту және туындаған ТЖ-ға уақтылы ден қою мақсатында толық қамтылу үшін тағы 15 өрт депосы салуынуы қажет.