
"Абайлаңыз! Жұқа мұз". ШҚО ТЖД қызметкерлері азаматтарға осындай ескерту жасады.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлының айтуынша, орташа тәуліктік температура нөлден жоғары деңгейге жетіп, мұз тез еріп жатыр.
Балықшылар мен балалар үшін бұл кезең қауіпті, олар оқыс оқиғаға тап болуы мүмкін.
ШҚО ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік рейдтерін жүргізу жұмыстарын жалғастыруда, олар азаматтарға балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді. Жалпы 650 профилактикалық рейд өткізілді, оның барысында 4200 азамат қамтылды.
Балалардың қауіпсіздік шараларын бұзбауы және су қоймаларында ойнамауы мақсатында ата-аналар олармен әңгімелесуі тиіс.
Құтқарушылар ескертеді: күннің жылынуына байланысты су айдындарындағы мұздың қалыңдығы тез төмендейді, қазіргі уақытта мұзға шығу өмірге қауіп төндіреді.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі