Су тасқыны жағдайы Павлодар облысы ТЖД бақылауында

Су тасқыны жағдайы Павлодар облысы ТЖД бақылауында

Павлодар облысының аумағында көктемгі кезеңде су тасқыны қаупін азайту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар келесі іс-шараларды атқарды:

- Ақтоғай ауданының аумағындағы Сілеті өзенінің арнасын тазарту, түбін тереңдету, жағалауды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді;

- "Атамекен-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов" республикалық маңызы бар автожолында диаметрі 1,5 м; 131 км; 135 км; 143 км 3 су өткізу құбыры орнатылды;

- "Ақтоғай-Шолақсор" автожолының 104-105 км су өткізу құбырына шлюз орнатылды, ол еріген қар суының су ағынын реттеуге мүмкіндік береді.

- "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский" автожолының 101-ден 105 км-ге дейінгі 2 көпірінің құрылысы аяқталу сатысында.

Жалпы ТЖД рельефті ойпатта орналасқан 43 елді мекенді бақылауға алды, бұдан басқа, ағымдағы жылы "Қазгидромет" болжамына сәйкес қосымша 22 елді мекен де бақылауда. Бұл жекелеген елді мекендерде жауын-шашын мөлшері нормадан 56% - ға асып, топырақ қатты қатып, қардағы су қоры нормадан 69% - ға асып кеткендігіне байланысты.

Осыған байланысты, қыс мезгілінің басынан бастап облыстың елді мекендерінен 1 млн. текше метрден астам қар шығарылды.

ТЖ-ға жедел ден қою үшін су тасқыны салдарын жоюға күштер мен құралдар тобы құрылды, оған 1702 адам, 616 бірлік техника, 42 жүзу құралдары мен 198 мотопомпа дайындалды.

Жағдай нашарлаған бетте, ЖАО мен ұйымдар 26 мың дана қапшықтар қорын, 37 мың тонна инертті материал, 120 тонна көлемінде ЖЖМ дайындады, тамақтануға 83 және жарылыс жұмыстарына 6 ниет шарттарын жасасты.

Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде және қатаң бақылауда.