
Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телгараев министрдің алғыс хатымен марапатталды.
Азаматтық қорғау мемлеккеттік жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін награданы министрдің атынан оған Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Турекулов табыс етті.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 13 наурызда Түркістан облысының Төлеби ауданында жаңадан салынған өрт сөндіру депосының ашылу рәсімі өтті. Жергілікті атқарушы органның есебінен салынған нысан әкімшілік ғимараттан және 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депо ғимаратынан тұрады. Екі қабатты өрт сөндіру депосында өрт сөндірушілер үшін барлық жағдай жасалған: өрт сөндірушілер үшін оқу сыныбы, демалыс, жатын, ас бөлмелері, спорт және мәжіліс залы, сондай-ақ жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі