Шығыс Қазақстанда облыс өзендерінде жарылыс жұмыстары жалғасуда. Бүгін Бұқтырма және Күршім өзендерінде Быково және Барақ Батыр кенттері ауданында мұз жару жүргізілді, бұл су тасқыны қауіпті учаскелер жыл сайын ТЖ қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың назарында болды. Ұсақтаудың жалпы көлемі 38 000 текше метр.
«Жарылыс жұмыстары мұзды жасанды түрде әлсіретуге бағытталған. Бұл тиімді шара өңір халқы үшін көктемгі су тасқынының жағымсыз салдарын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Жұмыс мұнымен аяқталмайды. Су тасқынына қарсы іс - шаралар жалғасуда», - деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы атап өтті.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі