Су тасқынына дайындық бойынша брифинг өткізілді

Су тасқынына дайындық бойынша брифинг өткізілді

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында "Су тасқынына қарсы дайындық" бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке Ақтөбе облысы ТЖД ТЖ алдын алу бөлімі бастығы Т.Коваленко және ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы А.Сарбаев қатысты.

Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда, бүгінгі күні елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғау мақсатында жазғы-күзгі кезеңде 90-нан астам іс-шара  өткізілді, осының шеңберінде:

16 км су тасқыны қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, жағалауды нығайту, тазарту,

156 км арықтар мен каналдарды тазарту,

21 км қорғаныс бөгеттерін салу және ағымдағы жөндеу,

5 гидротехникалық құрылыстарды жөндеу,

8,1 км су бұру арналарын салу,

3,1 км нөсер кәріздерін салу,

13 су өткізу құрылыстарын салу және 27 су өткізу құбырларын орнату,

автомобиль жолдарының учаскелерінде 2 көпір салу және 6 көпір реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұдан басқа, республикалық, облыстық маңызы бар автожолдарда, сондай-ақ, теміржолдарында су өткізу құбырлары мен көпірлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге, 2234 су өткізу құбырлары республикалық маңызы бар а/ж - 949, облыстық – 451, теміржолдары - 834, 688 көпір (республикалық маңызы бар а/ж - 86, облыстық – 56, теміржолдары – 546) тазартылды. Су өткізу құрбырларды, арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстары жалғасуда.

         Облыс бойынша 11 мыңнан астам адам тұратын 36 елді мекен ықтимал су басу аймағына жатады, жүргізілген жұмыстардың арқасында 11 елді мекенде су басу қаупі жойылды, 10 елді мекенде қауіп барынша азайтылды,  15 елді мекенде қауіп сақталуда.

Су тасқыны жағдайы күрделенген кезде әкімдікпен бірлесіп, жалпы саны 1 638 адам, 350 бірлік техника, 66 бірлік жүзу құралы, 232 мотопомпа азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді. Жанар-жағар май,  инертті материалдар, қаптар қорлары дайындалды.

 Шұғыл ден қою жасағына 41 адам, 10 бірлік техника, 2 бірлік жүзу құралы және 8 бірлік мотопомпа кіретін барлық құралдар мен техниканың жұмысқа қабілеттілігі мен жарамдылығы тексерілді.

Елді мекендерді су басқан жағдайда эвакуацияланатын халықты қабылдау үшін 15 337 адамды сыйдыра алатын 87 уақытша орналастыру орындары, қосымша 30 шатыр, 767 төсек-орын жабдықтары дайындалды.

Тұрғын үйлерді еріген қар суының басуына жол бермеу мақсатында  әкімдіктер елді мекендерден 543 мың м3 қар шығарды. Қар шығару жұмыстары жалғасуда.

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі