2024 жылғы 19 наурызда Алматы өңірлік гарнизонының бастығы генерал-майор Алмас Жұмақеев пен ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы полковник Кеген Тұрсынбаевтың төрағалығымен гарнизонның әскери бөлімдер және құрамалардың командирлері, әскери жоғары оқу орындарының бастықтарымен нұсқаулық кеңес өткізілді.
Кеңестің тақырыбы: «Алматы қаласында жойқын жер сілкінісінің туындау кезінде әскери бөлімшелердің іс-әрекеттері».
Кеңес аясында полковник К.А. Тұрсынбаев Алматы гарнизонының әскери бөлімшелерінің командирлері жеке құрамды ықтимал төтенше жағдайлардың салдарларынан қорғау бойынша даярлыққа назар аударды.
Сонымен қатар, кеңес барысында офицерлерді, келісімшарт бойынша, мерзімді қызмет әскери қызметшілерді мен әскери жоғары оқу орындарының курсанттарын төтенше жағдайлардың салдарын жою тарту мәселелері қаралды, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдарды құтқару, эвакуациялау және Алматы қаласының зардап шеккен тұрғындарын қабылдау пункттеріне, сондай-ақ әскери бөлімшенің орналасқан жеріне тікелей жақын орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындарын жеткізу.
Кеңес қорытындысы бойынша әскери бөлімшелердің командирлеріне Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен өзара іс-қимыл бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы