ШҚО студенттері жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды үйренді

ШҚО студенттері жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды үйренді

Өңірдің барлық ЖОО-да жастарға жер сілкінісі кезіндегі тәртіп ережелерін үйрету мақсатында семинарлар мен сейсмикалық жаттығулар өткізілді. 

Аталған іс-шараларды өткізуге ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері көмек көрсетті.

Семинарлардағы студенттерге жер сілкінісі кезінде адамдардың жиі жіберетін қателіктері түсіндірілді, сонымен қатар жер сілкінісіне дейін, кезінде және одан кейін өзін қалай ұстау керектігі айтылды.

Содан кейін тәжірибе жүзінде пысықталды. Студенттер сигнал бойынша ғимаратта қауіпсіз орындарға ие болды, содан кейін сол жерден тысқа шықты.

«Сейсмикалық жаттығулар студенттердің іс - әрекеттерін автоматизмге жеткізуге, жер сілкінісі кезінде дүрбелең кезде жіберетін қателіктерді іс жүзінде талдауға мүмкіндік береді», - деп Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Алмас Байжұминов атап өтті.

Айта кету керек, облыс бойынша барлығы 1000-ға жуық сейсмикалық жаттығулар өткізілді, оған 20000 адам қатысты.

 ШҚО ТЖД баспасөз қызметі