
2024 жылғы 17 наурызда сағат 21:44-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Безымянное көлі Көш ауылының маңында 2021 жылы туған қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол 17.03.2024 жылы сағат 16:30-да ересектердің қарауынсыз үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмады.
Сағат 23:25-тен бастап іздестіру жұмыстары басталды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Республикалық жедел құтқару жасағының 11 құтқарушысы, 2 техникасы және 1 кинологиялық есеп, Алматы облысы ТЖД 20 қызметкері мен 8 техникасы, Алматы облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы мен 1 техникасы, оның ішінде тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, Полиция департаментінің 150 қызметкері, Еңбекшіқазақ аңшылық шаруашылығы 20 қызметкері, 40 жергілікті тұрғын және еріктілер жұмылдырылды.
2024 жылғы 18 наурызда оқиға орнына Қаракемер ауылының №6654 әскери бөлімінің жеке құрамы қосымша келді (50 қызметкер және 14 кинологиялық есеп, 3 бірлік техника, 1 ҰҰА). Сонымен қатар сағат 10:00-де іздеу-құтқару жұмыстарының орнына «Лидер-KZ», Алматы облысының еріктілері (3 автокөлікпен 15 адам) шықты.
Республикалық жедел-құтқару жасағы және Қонаев қаласы Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су айдынының түбін тексеріп, жұмылдырылған күштер мен құралдармен жергілікті жерде және су айдынының жағалау сызығы бойынша кинологиялық есептеулерді пайдалана отырып, жер үсті іздестірулері жүргізілуде. Бала болуы мүмкін барлық жерлер тексерілуде.
Үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін іздеу жұмыстары орнында Алматы облысы ТЖД командалық-штабтық машинасы орналастырылып, жұмыс істейді.
Іздеу жалғасуда.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі