Түркістан облысының Прокуратура ғимаратында жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға оқыту жүргізіліп, кейіннен практикалық түрде пысықталды.
Ағымдағы жылдың 18 наурызында Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Түркістан облысының Прокуратура ғимаратында жер сілкінісі кезіндегі, сондай-ақ өрт туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша көшпелі оқыту жүргізді. Сабақ соңында практикалық жаттығулар өткізілді.
Тартылған күштер мен құралдар: ТЖД – жеке құрамның 21 адамы және 3 бірлік техникасы.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі