
18 наурызда елімізде «Ұлттық киім күнін» атап өтуде. Сондықтан ШҚО ТЖД құтқарушылары жұмысқа ұлттық киім-кешекте келді.
Құтқарушылар, диспетчерлер, өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері, кадр қызметінің қызметкерлері және мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары жұмысқа бешпеттер, жилеттер және дәстүрлі ұлттық өрнектері мен басқа да ұлттық элементтері бар киімдерін киді. Қыздар әдемі сырғалар сияқты зергерлік бұйымдарын тақты.
«Ұлттық киім-кешек адамның сыртқы сұлулығын ғана емес, бай рухани әлемін, өз халқына деген сүйіспеншілігін бейнелейді», - деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Айдын Мустафин атап өтті.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі