
2024 жылғы 14-17 наурыз аралығында Ішкі істер министрінің кубогына волейболдан XI ведомствоаралық спартакиада өтті. Спартакиада Қостанай қаласының «Динамо» Дене шынықтыру-спорт қоғамының спорт кешені базасында болды.
Турнирге ІІМ, ТЖМ, ҰҚК Шекара қызметі, Ұлттық ұланы, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Қаржы мониторингі агенттігі және «Динамо» құрама командалары қатысты.
Командалар құрамында волейболдан республиканың 8 спорт шебері мен 15 спорт шеберіне үміткер мәлімделді.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша, тартысты ойын барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің командасы 3 орынды, Ішкі істер министрлігінің және «Динамо» командалары 1 және 2 орынды иеленді.
ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие департаменті