Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

ТЖ департаменті табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп, Павлодар облысының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне аэровизуалды тексеру жүргізді. 2024 жылғы 14-15 наурызда Ақтоғай және Баянауыл аудандарына еврокоптермен ұшу жұмыстары жасалды. Ақтоғай ауданында Шұға, Шолақсор, Жалаулы, Жолболды және Шілікті елді мекендері зерттелді. Селеті өзенінде мұздың қалыңдығы өлшенді, ол 98 см құрады.

Қарағанды облысында көктемгі су тасқыны кезінде Ащысу өзенін толтырып, Баянауыл ауданының елді мекендеріне қауіп төндіретін «Ақжар» және «Қаратоқа» бөгеттері зерттелді.

Қазіргі уақытта бөгеттер қысқы режимде, тек 3 млн.текше метр судың жалпы көлемінің 25% ғана толтырылды. Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда және жіті бақылауда.

 

Павлодар облысы ТЖД

Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы