
2024 жылғы 15 наурызда Қызылорда қаласында «Тағзым» саябағында өрт сөндірушілерге арнайы техникалардың кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Салатанатты іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязов, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Ринат Гаппаров, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев, сала ардагері, облыстың құрметті азаматы Қорғанбек Қайруллаев қатысты.
Наурыз мерекесі қарсаңында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, 14 өрт сөндіру автокөлігімен толықтырылды.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен, облыстық бюджет есебінен алынған, жаңа техниканы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты түрде табыс етті. Жаңа өрт сөндіру автокөліктері заманауи жабдықтармен толық жабдықталған. Жаңа өрт сөндіру көліктері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, 60 метр қашықтықта су беруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап береді. Сонымен қатар арнайы көліктер - «AL» - автосаты мен «ASO» - байланыс автомобилі сатып алынды. Жаңа құтқару техникасы ТЖ жедел ден қоюға, өртті сәтті сөндіруге және азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
- Азаматтық қорғау органдарының өкілдері төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі міндеттерді абыроймен орындауда. Бұл ретте мемлекет тарапынан оларды материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа техника сіздердің қызметтік міндеттеріңізді сапалы орындауға ықпал ететініне сенімдімін. Сіздер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосып келесіздер, - деп Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.
Салтанатты іс-шара барысында қызмет барысында жоғары жетістікке жеткен құтқарушылар марапатталды.
Құтқару құрал-жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды.
Қызылорда облысы ТЖД