Алматы облысында қар құрсауынан үш жігіт құтқарылды

Алматы облысында қар құрсауынан үш жігіт құтқарылды

2024 жылы 15 наурыз күні сағат 00:05-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Кеген ауданы  Алматы-Кеген тас жолының 70-ші шақырымында Мерседес автокөлігінде 3 адам қар құрсауында қалып, жақын елді мекенге дейін эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-нің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы дереу жолға шықты. Оқиға орнына дейінгі қашықтық 70 шақырым.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, 2004 жылы туылған азаматтардың  Шымкент қаласынан Көлсай көліне демалуға келіп, қар құрсауында қалып қойғандығы анықталды. Құтқару жұмыстары жүргізіліп, жас жігіттер Кеген ауылына жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

                                    Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі